Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 25қараша күні Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжайында «Бақытыңды балаңнан ізде» тақырыбында атааналармен жалпы жиналыс ұйымдастырылды.

Бөбекжайдағы балалардың дамуын бақылау және атааналармен тиімді байланыс орнату мақсатында өткізілген маңызды ісшараға барлық топтардың атааналары қатысты.

Бөбекжай психологы Колкабаева Калдыгул Темірханқызы атааналарға арналған сауалнамадарбалалармен бірге орындауға тапсырмалар мен ойындар түрлерін қамтып «Бақытыңды балаңнан ізде» тақырыбында тренинг жүргізді.

Тренинг мақсаты:

— ата-анамен бала арасындағы сыйластықты қалыптастыру;

— бір-біріне деген қамқорлықты нығайту;

— бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, туған ұясы — отбасындағы ата-ана тәрбиесі өнегесі екендігін жеткізу;

— баланың бас ұстазы ата-ана екендігін түсіндіру.

Бөбекжай директоры Киянова Гаухар Орынбасарқызы сөз алып төмендегі мәселерді қамтыды:

1. Ата-аналардың балабақша өміріне (түрлі шараларға) қатысуы, бала тәрбиесі мен дамуындағы рөлі.

2. Балалардың психоэмоционалдық және физикалық даму жағдайы, сондай-ақ әлеуметтену деңгейі бойынша алдағы уақытта жүргізілетін іс-шаралар.

3. Бөбекжайда қолданылатын ойын түрлері, шығармашылық жұмыстар және олардың балаларға әсері.

4. Тәрбиешілер мен ата-аналар арасындағы байланыс.

5. Ата-аналардың белсенділігі.

Сұрақ-жауап:

1. Ас мәзірінің дайындалу тәртібі туралы айтып берсеңіз?

2. Баланың жеке қасиеттерін ашу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар бар ма?

3. Бөбекжайдағы ұйымдастырылған іс-әрекеттерге ата-аналар қатысуға бола ма?

Ата-аналардың қойған сұрақтарына Дәмбике Хожырбаева НазымаАмангелдіқызы, психолог Қолқабаева Қалдыгүл Темірханқызы, бөбекжай директоры Киянова Гаухар Орынбасарқызы жауап берді.

Ата-аналардың бөбекжаймен тығыз қарым-қатынасы, мәселелерді бірлесе шешу тәсілдері, балалардың әл-ауқатын жақсарту жолындағы іс-әрекеттері туралы ұсыныстар айтылды.

Ата-аналар өз ұсыныстарын білдіріп, бөбекжайдың жұмысын жақсарту жұмыстарына қатысты өз пікірлерін білдірді.

Жиналыс өте жақсы көңіл-күймен басталып, ата-аналардың ризашылықтарымен аяқталды.

 

https://www.facebook.com/share/p/1E258KybeT/

 

 

 

 

2024 жылғы 28 қараша күні «Шұғыла» мектепалды тобының балаларымен «Қызықты ойындар» спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Бөбекжайдың дене тәрбиесі нұсқаушысы Cмайилова Альбина және топ тәрбиешісі Утесинова Оразгүл балаларды  «Сұңқар» және «Қыран» тобына бөліп, тапсырмалар беру арқылы командалық жұмыс пен ынтымақтастыққа баулыды.

Спорттық жарыстарды өткізудің мақсаты:

  •  Балалардың қозғалыс белсенділігін аттыру;
  • Дене тәрбиесіне деген қызығушылығын ояту;
  • Ептілік, шапшаңдық және күш-қуатын дамыту.

«Қызықты ойындар» спорттық жарыстары балалардың арасынан кім шапшаң екендігін сондай-ақ ұйымшыл және мықты топтарды анықтауға көмектесті.

Балалар қызықты ойындар ойнап, спорттық жарыстарда сайысып көңілдері көтерілді.

https://www.facebook.com/share/p/19ixEKyXYg/