Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 25 қарашасы күні Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжайында «Әкелер, Әжелер, Аналар» мектебінің жылдық жұмыс жоспары аясында «Ас — адамның арқауы!» тақырыбында «Шұғыла» мектепалды тобы балалары мен аналары қатысқан ауқымды ұйымдастырылған  ашық  іс-әрекет өткізілді.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: ұлттық тағамдардың қасиеті, пайдасы туралы мағлұмат беру, жасалу жолдарын балаларға үйрету.

Мектепалды тобының тәрбиешілер Д.Б. Нуржанова,  О.Д. Утесинова және «Аналар мектебі»-нің белсенді мүшелері  Г.Наукенова, А.Жәбібек, Н.Қуатбаева, М.Кулбаева  ас дайындауға, дастарханды безендіруге балаларды қатыстыра отырып, күнделікті үй шаруасында аналарына көмектесудің маңыздылығын түсіндірді.