Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Мектеп пен бөбекжай педагогтерінің сабақтастығы»

Баланың білім берудің келесі деңгейіне сәтті өтуін қамтамасыз ететін мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы бірізді дәйекті байланыстар желісін құру және педагогтер арасында білім беру мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда және дамытуда педагогтер сабақтастығының маңызын көрсету мақсатында Ғ.Айдаров атындағы мектеп лицейімен жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр.

2024 жылғы 9 желтоқсан күні «Айналайын» бөбекжайының мектепалды және ересек топ бүлдіршіндері Ғ.Айдаров атындағы мектеп лицейдің мектепалды топтары балаларының дайындаған қойылымына барды. Бөбекжай тәрбиеленушілеріне мектепке барған, сахнадағы достарын, аға-апаларын көрген ерекше көңіл-күй сыйлады.

Ғ.Айдаров атындағы мектеп лицейінің бастауыш сынып мұғалімдеріне, ұйымдастырушыларына Алғысымыз шексіз!