Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжайында «Әкелер, Әжелер, Аналар» мектебінің жылдық жұмыс жоспары аясында «Еркетай» тобының тәрбиешісі Ғ.Есболайдың ұйымдастыруымен тәрбиеленушісі Сайлау Хамза және әкесі Сайлау Бекжан әке мен баланың бірлескен спорттық жаттығуларын жасап бейнебаян түсірді.
Ата-аналарға арналған консультативті пунктінің жұмыстарына бұл іс-әрекеттің де қосары көп.
Әке мен баланың бірлескен спорттық жаттығу жасауы – бұл тек физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да өте маңызды іс-шара.
Бұл жаттығулар отбасының арасындағы байланысты нығайтып, бір-біріне қолдау көрсетуді, сенімділік пен ынтымақтастықты арттырады.
Әке мен баланың бірлесе спортпен айналысуы олардың денсаулығын жақсартып, болашақта дұрыс өмір салтын ұстануға көмектеседі.
«Еркетай» тобының ата-анасы Сайлау Бекжанға алғыс білдіреміз!