2024 жылдың 5 желтоқсан күні Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжайында «Әкелер, Әжелер, Аналар» мектебінің жылдық жұмыс жоспары аясында «Әжеммен өткен бір күн» тақырыбында «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Ж.Кенжебаеваның ұйымдастыруымен тәрбиеленушісі Сағызбай Аянат Нұрбекқызы және оның әжесі Елемесова Жанылай Баянқызының қатысуымен бейнебаян түсірді.
«Әжеммен өткен бір күн» бейнебаянның мақсаты баланы өз өзіне қызмет етуге, ұқыптылыққа, үлкендерге көмектесуге тәрбиелей отырып, үйде күнделікті әже мен немеренің бірлескен іс-әрекетін үлгі ретінде басқа балаларға көрсету.