Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында тәрбиеші Н.Жолмаганбетова «Бояулар сыр шертеді» тақырыбында қызықты іс-әрекет ұйымдастырып, балалардың зерттеулер мен бояулар әлеміне саяхаттауына мүмкіндік берді.

Мақсаты балаларды негізгі түстер мен олардың реңктерімен таныстыра отырып, қоршаған ортаның әсемдігін байқауға үйрету.

Ата-аналар да балаларымен бірге келіп, үй жағдайында да осындай ойындар мен зерттеулер өткізсе баланың танымдық қабілеті жетілетіндігіне көз жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.