Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Айналайын» бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес Мемлекеттік рәміздермен патриоттық бұрышы бар заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру шаралары аясында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33 жыл» мерекесіне орай  балалар мен ата-аналардың бірлескен қолөнер көрмесі жасақталды.

Балалар мен ата-аналар және топ тәрбиешілері ұйымдастырған көрмеге 40-қа жуық қолөнер бұйымдарын дайындады.

Мемлекетіміздің рәміздері, мақтаныш ететін ескерткіштері, еліміздің даласы мен тау-тасы, салт-дәстүрі бейнеленген түрлі бұйымдар көздің жауын алады.

Белсене қатысқан әр тәрбиеленушіге дипломдар табысталды.