Айналайын бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес тәрбиешілер ұйымдастырылған іс әрекеттер өткізіп өзара тәжірибе алмасты.
2024 жылдың 22 қараша күні “Шаттық” орта жас тобының тәрбиешісі Жумажанова Злиха “Көкөністер мен жемістер” тақырыбындағы іс әрекетінде балалармен түрлі тапсырмалар мен ойындар ойнатып қуанышты көңіл күй сыйлады.
Іс әрекет мақсаты: Жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру. Оларды ажырата білуге және сипаттай білуге үйрету. Түстерін ажыратып сәйкестендіруге баулу, көркемдік талғамын дамыту.