Айналайын бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес тәрбиешілер ұйымдастырылған іс әрекеттер өткізіп өзара тәжірибе алмасты.
2024 жылдың 10 желтоқсан күні «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Туметова Назгүл «Оюлар әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған іс әрекет өткізді.
Мақсаты: балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, қиялдау және шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту.
Балалар әйнектердегі оюларды түстерге бояп бірлескен жұмыс көрсетті.
Тұзды пайдалана отырып дәстүрлі емес сурет салу әдісін үйреніп, шеберліктерін шыңдады.