Жаңалықтар

«Айналайын» бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес «Туған ауылым» жобасы аясында 2024 жылғы 12 желтоқсан күні «Шұғыла» мектепалды тобының тәрбиеленушілері Сүйікті Каспий теңізі жағажайына саяхатқа барды. Саяхаттың мақсаты: балаларға туған жердің қадір-қасиетін түсіндіру, өз ауылын сүюге тәрбиелеу; туған ауылы туралы түсінік қалыптастыру; туған ауылындағы қонақжайлылықтармен таныстыру; табиғатына сүйсіну және қадыр тұтуға тәрбиелеу. Мерейлі мерекеміздің қарсаңында балаларға патриоттық […]

«Айналайын» бөбекжайы психологы Колкабаева Калдигул 29.11.2024 жылы Тақырыбы:«Жақсы көңіл күй-жан тыныштығы» атты тәрбиешілер арасында тренинг өткізді. Мақсаты: тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, бір-бірін құрметтеу, көмек беру, түсінісу. «Жақсы мінез-адам өмірінің сарқылмас байлығы». «Айнымас досы бар адам ең бақытты адам». «Мінезі бірқалыпты адамның өмірі де жаймашуақ» демекші, адам өмірінде жақсы қарым-қатынас жасау үшін мінездің алатын орны ерекше екендігін түсіндіру. Толығырақ

2024 жылдың 25қараша күні Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжайында «Бақытыңды балаңнан ізде» тақырыбында ата—аналармен жалпы жиналыс ұйымдастырылды. Бөбекжайдағы балалардың дамуын бақылау және ата—аналармен тиімді байланыс орнату мақсатында өткізілген маңызды іс—шараға барлық топтардың ата—аналары қатысты. Бөбекжай психологы Колкабаева Калдыгул Темірханқызы ата—аналарға арналған сауалнамадар, балалармен бірге орындауға тапсырмалар мен ойындар түрлерін қамтып «Бақытыңды балаңнан ізде» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг мақсаты: — ата-анамен бала арасындағы сыйластықты қалыптастыру; — бір-біріне деген қамқорлықты нығайту; — бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, туған ұясы — отбасындағы ата-ана тәрбиесі өнегесі екендігін жеткізу; — баланың бас ұстазы ата-ана екендігін түсіндіру. Бөбекжай директоры Киянова Гаухар Орынбасарқызы сөз алып төмендегі мәселерді қамтыды: 1. Ата-аналардың балабақша өміріне (түрлі шараларға) қатысуы, бала тәрбиесі мен дамуындағы рөлі. 2. Балалардың психоэмоционалдық және физикалық даму жағдайы, сондай-ақ әлеуметтену деңгейі бойынша алдағы уақытта жүргізілетін іс-шаралар. 3. Бөбекжайда қолданылатын ойын түрлері, шығармашылық жұмыстар және олардың балаларға әсері. 4. Тәрбиешілер мен ата-аналар арасындағы байланыс. 5. Ата-аналардың белсенділігі. Сұрақ-жауап: 1. Ас мәзірінің дайындалу тәртібі туралы айтып берсеңіз? 2. Баланың жеке қасиеттерін ашу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар бар ма? 3. Бөбекжайдағы ұйымдастырылған іс-әрекеттерге ата-аналар қатысуға бола ма? Ата-аналардың қойған сұрақтарына Дәмбике Хожырбаева НазымаАмангелдіқызы, психолог Қолқабаева Қалдыгүл Темірханқызы, бөбекжай директоры Киянова Гаухар Орынбасарқызы жауап берді. Ата-аналардың бөбекжаймен тығыз қарым-қатынасы, мәселелерді бірлесе шешу тәсілдері, балалардың әл-ауқатын жақсарту жолындағы іс-әрекеттері туралы ұсыныстар айтылды. Ата-аналар өз ұсыныстарын білдіріп, бөбекжайдың жұмысын жақсарту жұмыстарына қатысты өз пікірлерін білдірді. Жиналыс өте жақсы көңіл-күймен басталып, ата-аналардың ризашылықтарымен аяқталды. https://www.facebook.com/share/p/1E258KybeT/ 2024 жылғы 28 қараша күні «Шұғыла» мектепалды тобының балаларымен «Қызықты ойындар» спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Бөбекжайдың дене тәрбиесі нұсқаушысы Cмайилова Альбина және топ тәрбиешісі Утесинова Оразгүл балаларды «Сұңқар» […]

Айналайын бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес тәрбиешілер ұйымдастырылған іс әрекеттер өткізіп өзара тәжірибе алмасты. 2024 жылдың 22 қараша күні “Шаттық” орта жас тобының тәрбиешісі Жумажанова Злиха “Көкөністер мен жемістер” тақырыбындағы іс әрекетінде балалармен түрлі тапсырмалар мен ойындар ойнатып қуанышты көңіл күй сыйлады. Іс әрекет мақсаты: Жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру. Оларды ажырата білуге және сипаттай білуге үйрету. Түстерін ажыратып сәйкестендіруге баулу, көркемдік талғамын дамыту. Толығырақ

«Айналайын» бөбекжайының тәрбиешісі Туметова Назгүл.