«Айналайын» бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес «Туған ауылым» жобасы аясында 2024 жылғы 12 желтоқсан күні «Шұғыла» мектепалды тобының тәрбиеленушілері Сүйікті Каспий теңізі жағажайына саяхатқа барды.
Саяхаттың мақсаты:
балаларға туған жердің қадір-қасиетін түсіндіру, өз ауылын сүюге тәрбиелеу;
туған ауылы туралы түсінік қалыптастыру;
туған ауылындағы қонақжайлылықтармен таныстыру;
табиғатына сүйсіну және қадыр тұтуға тәрбиелеу.
Мерейлі мерекеміздің қарсаңында балаларға патриоттық тәрбие беруге, мақтаныш сезімдерін оятуға өте пайдалы саяхат болды.
Балалар өз эмоцияларын жасыра алмай, қуаныштармен күні бойы бөлісті.